Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы,
ЖШС «Балапан» бөбекжай балабақшасы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» №319 Заңының 59 бабы, 4-1 тармағына және Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы 07- қараша №1632 бұйрығы бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес өзін-өзі бағалау құжаттарын жүргізу үшін мынадай құрамда балабақшаны өзін-өзі бағалау аттестаттау комиссиясы 05 қаңтар 2026 жылғы № 01 бұйрығымен құрылды:
Өзін-өзі бағалау іс-жоспары түзілді және соған сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бағаланатын кезеңдерге сәйкес талдау жасалатын құжаттар дайындалды және олардың барлығының көшірмелері түпнұсқадан сканерленген ПДФ форматталған файлдарға салынды және балабақшаның ресми сайтына жүктелді.
ЖШС «Балапан» бөбекжай-бақшасы екі жыл және ағымдағы жылдың қаңтар айына дейінгі оқу-процесін зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау қортындысын ұсынады.
2026 жыл
1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
ЖШС «Балапан» бөбекжай балабақшасы туралы ақпараттық анықтама
|
1 |
Мектепке дейінгі ұйымның атауы |
Түркістан облысының , Сарыағаш ауданы бөлім бөлімінің ЖШС «Балапан» бөбекжай балабақшасы |
|
2 |
Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен жайы) |
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы,Капланбек а/о Сіргелі елді мекені, М.Есқұлұлы көшесі № 5 үй. |
|
3 |
Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) |
Ұялы телефон: 87017419485 |
|
4 |
Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) |
Нысанова Балжан Сейдазовна «Балапан» бөбекжай балабақшасы |
|
5 |
Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны |
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу БИН: 100740015717 |
|
6 |
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту |
|
7 |
Құрылған жылы |
1980жыл |
|
8 |
Типтік ғимарат |
Екі қабатты типтік үлгіде |
|
9 |
Топтар саны |
7 топ |
|
10 |
Балаларды оқыту тілі |
Қазақ тілі |
|
11 |
Жұмыс аптасының ұзақтығы |
5 күндік |
|
12 |
Ауысым саны |
Тәрбиешілер: І ауысым; ІІ ауысым |
|
13 |
МДҰ – ның жобалық әлеуеті |
Балабақша орны 145 балаға арналған. |
Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 145 орындық, қазіргі таңда 145 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 7 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 145 тәрбиеленуші 7 топқа «Балапан» кіші тобына,»Балдырған» кіші тобына, «Бөбектер» кіші тобына, «Балдәурен» ортаңғы тобы, «Солнышко» ортаңғы тобы, «Балбөбек» ересек тобына, «Радуга» ересек тобына. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті,консультациялық пункт, психолог, логопед кабинеттері, думан залы, спорт залы,мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Түркістан облысының полиция департаменті Жедел басқару бейне бақылау камералары интеграция жасалған 15.09.2025ж. Домофон орнатылған,СБ легион 06.10.2021ж лицензия №21028323 охрана агенство қарастырылған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы»,«Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,«Біртұтас тәрбие» «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.