...

Басты бет

«Балапан» бөбекжай балабақшасы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Кабланбек а/о Сіргелі ауылында 2010 жылы жеке меншік бала-бақшасы бой көтерген. Балабақша заманауй талаптарға сай, мұнда сабақ өткізуге арнайы бөлмелер қарастырылған.

Аумағы түгел қоршалған, көгалдандырылған, абаттандырылған. Су жүйесі, кәріздеу жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі орталықтырылған. Желдету жүйесі талапқа сай. Ғимаратта: әдістемелік бөлме, акт залы, медициналық бөлмесі, есеп-қысап бөлмесі, психолог және логопед бөлмелері бар. Ерте жас «Балапан» тобы, «Бөбектер» кіші топ, «Балдырған» кіші топ, «Балдәурен» және «Солнышко» ортаңғы топтары, «Балбөбек» және «Радуга» ересек топтары бар. Барлық топтарда жатын бөлмелері, ойын-сабақ бөлмелері, әжетхана-жуыну бөлмелері және тамақтандыру бұрыштары бар.

Сонымен қатар ғимаратта меңгеруші кабинеті, музыка залы, әдіскер кабинеті, педагог-психолог кабинеттері орналасқан.

Бөбекжай-бақшаның ғимаратында ас блогы мен кір жуу бөлмесі, көкөністер мен жемістерді сақтайтын қойма орналасқан.

Топтар қажетті жабдықтармен, көрнекі оқу құралдарымен жабдықталған. Санитарлық-гигиеналық талаптарына сай мекемеде ылғалды жинау жұмыстары залалсыздандыру заттарын қолдана отырып, күнделікті жүргізіледі.

  • Жұмыс тәртібі - 5 күндік.
  • Ұзақтығы - 10,30 сағат.
  • Тамақтандыру - үш реттік.
  • Топтардың саны -7, оларда 150 бала бар.
  • Жұмыс істеу тәртібі: 8.00-ден - 18.00-ге дейін.

ЖШС «Балапан» бөбекжай бала-бақшасының жылдық оқу жоспары:

  • «Алғашқы қадам» ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама;
  • «Зерек бала» мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама;
  • «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама;
  • Қосымша Монтессори, Зайцев, ТРИЗ әдістемелерімен жұмыс жүргізеді.
  • «Мектеп жасына дейінгі балалардың даму құзіреттілігін бағалау индикаторлары» авторы Ноғайбекова Д.К.

Бөбекжай бала-бақшаның оқу жоспарлары мен жылдық жұмыс жоспарлары «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» бойынша жүзеге асырылады.

- Мақсаты:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ісін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық қабілеттерін ескере отырып, жаңашыл әдіс-тәсілдерді ендіру арқылы жетілдіру.

- Міндеттері:

1. «Денсаулық» білім беру саласы:

  • - Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.
  • - Салауатты өмірге тәрбиелеу.

2. «Коммуникация» білім беру саласы:

  • - Балаларды сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындау.
  • - Балаларды қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыру.

3. «Таным» білім беру саласы:

  • - Балалардың танымдық қабілетін арттыру, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру, білуге деген құштарлықты дамыту.

4. «Шығармашылық» білім беру саласы:

  • - Баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ету.

5. «Әлеуметтік» білім беру саласы:

  • - Балалар бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Кең, қазіргі заманғы барлық талаптарға сай бала-бақшаға бүгінгі күні көп ұлттың балалары келеді: орыс, өзбек, әзірбайжан, түрік және т.б.

Бөбекжай бала-бақшадағы педагог қызметкерлердің барлығында базалық педагогикалық білімдері бар. Оның ішінде, жоғары білімді 21, арнаулы орта білімді 1 педагог. Мамандықтары бойынша Педагогика және психология – 1(педагог-психолог маманы), Дефектология – 1(логопед маманы), Шет тілі: екі шет тілі – 1(ағылшын тілі маманы), Орыс тілі мен әдебиеті – 1 (орыс тілі маманы), Қазақ тілі мен әдебиеті – 1 (қазақ тілі маманы), Дене шынықтыру және спорт – 1 (дене шынықтыру маманы), Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу – 5 (1меңгеруші, 1әдіскер, 3тәрбиеші), Мәдени ағарту жұмысы – 1(ән жетекшісі), Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі – 8 (8 тәрбиеші), Бастауыш сыныптарда оқыту – 1 (тәрбиеші), Бастауыш білім беру – 1 тәрбиеші) болып отыр.

ЖШС «Балапан» бөбекжай бала-бақшасына кіру үшін ASHYQ қосымшасы орнатылған.

Бала-бақшадағы қажетті барлық әдістемелік және балалар әдебиеттері, сөйлейтін әліпбилер, интерактивті тақта, компьютерлер, DVD, плазмалық теледидарлар, музыкалық орталықтар, дамыту ойындары тәрбиелеу мен оқыту процесін одан әрі танымды және жаңашыл етеді.

Қорытынды:

ЖШС «Балапан» бөбекжай бала-бақшасында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.

ЖШС «Балапан» бөбекжай бала-бақшасы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 31 мамырдағы №21 қаулысының 1-қосымшасын басшылыққа ала отырып, ата-аналардың өтініші бойынша және 18 алгоритімді орындай отырып бала-бақша жұмысын тоқтатпады.

Педагогикалық ұжым балаларға тәрбие мен білім берудің сапасын көтеру мен жетілдіруге байланысты мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізеді. Педагогтар аудан көлемінде ұйымдастырылып өткізілетін ашық ұйымдастырылған оқу қызметі, семинарлар, тренингтер, педагогикалық кеңестерге қатысып, өз құзыреттіліктерін көтереді, өзіндік білім көтеру үрдісінде бейімделген бағдарламалар мен қосымша білім беру бағдарламаларын қолданады. Тәрбиеленушілердің мемлекеттік білім беру стандартын игеру деңгейі бағдарламалардың барлық тараулары бойынша іске асырылуда. Бала-бақшадағы психологиялық және эмоционалдық жағдайды жақсарту, денсаулықтарын нығайту мақсатында көптеген жұмыстарды ұйымдастырылады.

Мекемедегі тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналдық қызмет көрсету өз деңгейде жүргізіледі. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау жұмыстары жүйелі жүргізіледі, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің дамуына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Бала-бақшаның оқу –тәрбие жұмыстарын атқаруға қажетті оқу-әдістемелік материалдық базасы жеткілікті жабдықталған.

Білім беру мен тәрбиенің мақсаты өз деңгейінде жүргізіледі. Педагогтар жаңа инновациялық технологиялар арқылы балаларға білім береді. Әкімшілік тарапынан функциялар дұрыс бөлінген, мекемедегі микроклимат өте жақсы.

Бала-бақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сай екендігін көрсетті.

Өзін-өзі бағалау нәтижесінде келесі ұсыныстар енгізіледі:

  • «Педагогикалық процесті ұйымдастырғанда жалпы талаптар» (Қ.Р МЖМБС – 1.001 – 2013), сонымен қатар пәндік–дамытушы ортаны ұйымдастырғанда жалпы талаптарды орындау барыстарын жалғастыру;
  • Педагогтарға тәрбиеленушілердің бағалау көрсеткішін дұрыс сараптауға кеңестер өткізу;
  • Оқу іс-әрекет барысын ұйымдастыруда педаготар жаңа техногогияларды пайдалану, баланың дамуына тың мүмкіндіктер жасау;
  • - Көркемдік шығармашылық конкурстар мен байқауға қатысуды ұйымдастыру, тәрбиеленушілер арасында сараптама жүргізіп, жоспар жасау;

«Балапан» бөбекжай бала-бақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді және «zhaqsy» - 4 деп бағаланады.