Гиперактивность

Үй жағдайында гипербелсенді балалармен ойын түрлерін ұйымдастыру

Қазіргі заманда ақыл-ойы ерекше балаларды тәрбиелеп, оларды қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Бүгінгі таңда ерекше балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.

Психологиялық қасиеттер – бір баланы екінші баладан ажыратуға негіз болатын ең маңызды ерекшеліктер. Бұған әр баланың мінезі мен темпераменті, қабілеті, мінезі, жатады. Әр баланың әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелік болады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ бола алмайды. Егер баланың туысында сол қабілеттілік танылып, ол тәрбиеленбесе, оның ойлау қабілеті дамымайды.

Тынымсыз, өте шапшаң балалар (гипербелсенді) – қимылдары шапшаң, өзінің эмоциясын ұстай алмайтын, ашушаң, бір орында ұзақ отыра алмайтын балалар. Осындай балалардың типі көп сөйлегенді ұнатады, олардың, көбінесе, бастаған істерін аяғына жеткізбейтіні де мәлім. Олар бір жерде көп уақыт тиянақты отырып, бір жұмыспен айналыса алмайды. Осындай балалардың тағы бір ерекшелігі: олар өздерінің іс-әрекеттеріне жауап бере алмайды. Бұл балалар тынымсыз, өте шапашаң балалар (гиперактивный) қатарына жатады. Өсе келе аталған типті балалармен жұмыс істеуде қиындықтар кездеседі. Тынымсыздықтың себебінің бірі – кішкене мидың дұрыс жұмыс істемеуі. Осындай типті балаларға жан-жақты көмек көрсету қажет. Мысалы, неврапотолог – дәрі-дәрмек, тәрбиеші мен мұғалімдер бала өзін дұрыс ұстауға тәрбиелейтін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балаға көмек көрсете алады. Ең негізгі тәсілдердің бірі – баланың дағдысын қалыптастыруға жаттықтыратын жаттығу жасауды күнде жүргізу. Ойын арқылы жақсы жетістіктерге жетуге болады.

1-ереже. Жаттықтыруды ойынның тек бір түрінен бастаған дұрыс. Мысалы, баланың назарын (зейінін) бір жұмыспен айналысуға қалыптастыру мақсатына келесі шартты ескеру қажет. Бала бір жұмыспен айналысып отырғанын көрсеңіз, оның зейінін бұзуға болмайды. Себебі, екінші рет бала жұмысын ары қарай жалғастыруға бірден кірісе алмайды. Тек бірнеше уақыт өткеннен кейін бала үлкеннің көмегімен жұмысын жалғастыра алады. Бұл жаттықтыруды үнемі жасап отырған дұрыс. Бір жасаған жаттықтырудан нәтиже күту қиын.

2-ереже. Бала бір жұмыспен айналысқан мақсатта ол тез шаршап, жалығып кетеді. Сол себептен бала жұмыстан жалықпау үшін және шаршамау үшін дер кезінде түрлі ойындарды жүргізіп отырған дұрыс. Бірақ ойынды жиі жүргізуге болмайды. Сонымен қатар баланың күн тәртібін бұзбаған жөн.

3-ереже. Тынымсыз, өте шапшаң (гиперактивный) балалар бір жұмыспен айналысқан кезде олар жұмысты тез орындауға тырысады. Бірақ олардың кемшілігі – тентектік мінездері. Сол себепті осы типті балаларды дер кезінде мақтап, ескертпе айтқан жөн. Мадақтау үшін жылысөз айту, кішкене ғана сыйлық беруге болады.

4-ереже. Тынымсыз, өте шапшаң (гиперактивный) балалармен бірден жұмысқа кірісуге болмайды. Ең алдымен, баланы жеке ойын арқылы жұмысқа тарту керек. Бала жұмыстың ережесін білмегендіктен және өзінің шыдамсыз қасиетіне қарай бірден топта жұмысқа кіріссе, жұмыс барысында басқа балалармен түсініспеушілікке әкеп тірейді.

5-ереже. Түзету (коррекциялық) жұмыс барысында ойындар келесі бағытта болу керек:

  • баланың зейінін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін ойындар;
  • баланың шаршауын (эмоциялық) төмендету мақсатында жүргізілетін ойындар мен жаттығулар;
  • баланың басқару қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізілетін ойындар мен жаттығулар.

«Айырмашылықтарды табыңдар» ойыны

Мақсаты – баланың зейінін бір жұмыспен айналысуға қалыптастыру.

Бала, мысалы, мысықтың немес үйдің суретін салады. Салған суретін мұғаліміне береді. Мұғалім баланың салған суретін жалғастырады. Суретіне қосымша элементтер салған соң балаға суретін ұсынады. Баланың мақсаты – өзі салған суретінен мұғалімнің қосқан қосымша элементтерін табу.

«Өткір көз» ойыны

Мақсаты – баланың зеректігін қалыптастыру, ойын кезінде басқа жұмыспен айналыспауға дағдыландыру. Бір кішкене зат (ойыншық) белгілеп, баладан жасырады. Бала жасырған затты табу керек. Затты жасырмақ бұрын бала заттың түрін, түсін, көлемін есінде сақтау керек. Бала, мысалы, мысықтың немес үйдің суретін салады. Салған суретін мұғаліміне береді. Мұғалім баланың салған суретін жалғастырады. Суретіне қосымша элементтер салған соң балаға суретін ұсынады. Баланың мақсаты – өзі салған суретінен мұғалімнің қосқан қосымша элементтерін табу. Егер бала жасырған затты тапса, міндетті түрде баланы мадақтап, жетістігін айтқан жөн.

«Бәрі керісінше» ойыны

Бұл ойынды қырсық, айтқанынан қайтпайтын балалардың ойыны деп те атауға болады. Бұл ойынның шарты бойынша ересек бала ойынды жүргізу керек. Жүргізуші түрлі қимылдар жасайды. Ал бала көрген қимылдарды керісінше жасау қажет. Мысалы, жүргізуші қол көтерсе, ойнап жүрген бала қолын түсіреді, немесе жүргізуші секірсе – бала отырады, аяғын алдыға созса, керісінше аяғын артқа созу керек.

«Белгі берген кезде сөйле» ойыны

Бұл ойынның шарты бойынша, бала сұраққа жауап беру керек. Бірақ ойынның ерекшелігі ойыншы жауапты тек жүргізушінің берілген белгісінен кейін беру керек. Жүргізушінің белгі беруі, мысалы, қолын төсіне қояды немесе басын қасиды. Жүргізуші сұрақ қоя тұра белгі берілмесе, ойыншы үндемей тұруы шарт. Ескерту: ойын барысында ойыншы баланың ойын, қызығушылығын байқауға болады. Баланың білімін бекіту мақсатында мектепте өткен тақырыптар бойынша сұрақтар құрастыруға болады.

«Қозғалмай тұрып қал» ойыны

Бұл ойынның мақсаты – баланың өз іс-әрекетіне жауапты болуына тәрбиелейді. Ойынның басында құлаққа жағымды әуенді қосу керек. Музыка ойнап тұрған кезде балаға секіруге, билеуге, айналуға, әртүрліқимылдарды жасауға рұқсат беріледі. Музыканы тоқтатқан сәтте, ойыншы бала қандай сәтте музыка тоқтаса, дәл сол сәтте қозғалмай тұрып қалу керек. Музыка тоқтаған сәтте ойыншылардың біреуі тұра қалмаса, сол ойыншы ойыннан шығарылады. Ескерту: бұл ойынды балалармен мереке күндері өткізген жөн. Бұл ойын баланың өзін еркін ұстауына, ұялшақ қасиеттерінен айырылуға ықпалын тигізеді.

«Сезу» ойыны

Бұл ойын арқылы баланың сезу, қабылдау қабілеттерін дамытуға болады. Ойынды өткізу үшін әртүрлі материалдан жасалған заттар қажет. Олар: ағаш, темір, пластмас, қағаз, мата, әйнектен жасалған заттар. Аталған заттарды баланың алдына қойыңыз. Ойыншы бала алдындағы заттарды асықпай дұрыс қарап болған соң, бала көзін жұму керек. Жүргізуші бір затты алып, ақырын қолына тигізеді. Ойыншы бала денесіне тиген затты тауып атау керек.

«Матадан тігілген қуыршақ пен әскер» ойыны

Бала шаршаған немесе жалыққан кезде демалдыруға арналған ойын. Ойыншы балаға бірінші «Сен әскерсің» деген бұйрық беріледі. Осы бұйрықты ести сала, бала өзін әскер ретінде сезініп, сапта тұрған әскери сияқты қозғалмай тұру керек. Келесі берілетін бұйрық «Сен матадан тігілген қуыршақсың» деген кезде ойыншы бала өзін еркін ұстап, аяқ-қолын, денесін босатып, түрлі қимылдар жасайды. Бір сәттен кейін жүргізуші ойынды кезек-кезегімен ауыстырып отырады. Баланың демалғанын байқаған соң, жұмысқа кірісуге болады.

«Үндемеу-сыбырлау-айқайлау» ойыны

Шапшаң (гиперактивный) балалар сөйлеген кезде өздеріне өздері бақылау жасай алмайды. Олардың сөйлеу кезінде дауыстары қатты, көп жағдайда айқайлап шығуы мүмкін. Сол себепті осы ойынды жүргізу тиімді. Бұл ойын балаларды баяу, орнымен сөйлеуге тәрбиелейді. Ойынның шарты бойынша: саусақты ерінге жақындатқан балаға ақырын, сыбырмен сөйле дегенді білдіреді. Қолды басқа жастық ретінде салса, «балаға үндеме, ұйықтап жатыр» деген сөздің белгісі. Ал егер жүргізуші қолын жоғары көтерсе, «ойна», «жүгір», «секір» дегенді білдіреді. Ескерту: Бұл ойынды аяқтаған кезде «үндеме» деген қимылмен аяқтаған жөн.