Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам өмірінің бағдарын беруші. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін, бала жанының бағбанымын. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын.
Өмір атты сан қалтарыстан тұратын үлкен жолда ұстаздан тәлім алмаған жан кемде кем. Ұстаз адамды алғаш мектеп табалдырығын аттаған, бүлдіршін кезінен бастап, бар мейіріммен, білім айдынына жетектейді. Әр балаға өзінің мектебі мен ондағы ұстаздары ыстық болады.
Міне содан бері,10 жыл өтті. Әрине, ұрпақ тәрбиесі оңай шаруа емес. Ол орасан төзімділікті, жас буынға деген жанашырлық пен өлшеусіз махаббатты қажет етеді. Сондықтанда, білім ордасына жұмыс істеуге жүрегінде балаға деген жылуы мен үйретемін деген құштарлығы бар шынайы педагог қана келеді. Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдағандар ғана нағыз ұстаз бола алады. Мен өзімді сондай ұстаздың бірі екендігімді айта аламын.
Қазіргі таңда мен «Балапан» бөбекжай бала-бақшасының әдіскерімін. Қызығы мен жауапкершілігі мол бұл жұмысты бар ынтамен атқарамын. Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысымын. Әдіскер, үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші
Әдіскер Б.Исатаева «Тәрбиеші қандай болу керек?» атты баяндама баяндап, балабақшада тәрбиеші болу-кез келген өнер сияқты көп қырлы және ауыр еңбек екенін баяндады.